Accessibility links

Ауғанстан футболдан Оңтүстік Азия чемпионы болды


Ауғанстан жанкүйерлері. Непал, Катманду, 11 қыркүйек 2013 жыл.

Ауғанстан жанкүйерлері. Непал, Катманду, 11 қыркүйек 2013 жыл.

Ауғанстан футбол командасы Оңтүстік Азия футбол чемпионатында бірінші орын алды. Непал астанасы Катманду қаласында өткен финалдық матчта Ауғанстан командасы Үндістан құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Бұл - Ауғанстан футболы тарихындағы тұңғыш халықаралық жеңіс.

12 қыркүйекте Ауғанстан президенті Хамид Карзай Кабулдың халықаралық әуежайына барып, жеңіспен оралған футболшылардың әр қайсысын жеке құттықады.

Ауғанстан командасының чемпион атанғаны мәлім болған сәттен бастап ауғандықтан тойлауға кірісті. Түні бойы жұрт көше қыдырып, бірін-бірі жаппай құттықтаған. Ауғандықтардың көбі ту ұстап шыққан.

Ауғанстанда "Талибан" билігі тұсында футбол құлдырап, бұл спорт мүлде дамымай қалған еді. 1996-2001 жылдар аралығында "Талибан" стадиондарды өлім жазасын орындауға пайдаланды. Ауғанстан футболдан әлем және Азия чемпионатына бірде-бір рет қатыспаған. Бұл спорт түрі елде тек соңғы жылдары ғана дами бастады. ФИФА рейтингінде ауғанстан қазір 139-орында тұр.
XS
SM
MD
LG