Accessibility links

Бішкекте ШЫҰ саммиті басталады


ШЫҰ саммитіне қатысушы елдер басшылары. Бішкек, 13 қыркүйек 2013 жыл.

ШЫҰ саммитіне қатысушы елдер басшылары. Бішкек, 13 қыркүйек 2013 жыл.

Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше алты мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен ұйымның саммиті ашылады. Саммитке осы ұйымға бақылаушы мәртебесі бар Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Моңғолия мен Үндістан, диалог бойынша серіктес елдер – Түркия, Беларусь, Шри-Ланка, арнайы шақырылған тарап ретінде Түркіменстан қатысады.

Бішкектегі жиынның күн тәртібінде аймақтағы қауіпсіздік мәселелері қаралады. Солардың қатарында НАТО әскери күшінің 2014 жылдың соңына қарай Ауғанстаннан біржола кету жоспарына байланысты аймақтық қауіпсіздік жайы талқыланады. Сонымен бірге Сирияның жағдайы да сөз болады. Бұған қоса жиында экономикалық байланыстарды нығайту мәселесі де қозғалады.

Саммит аясында Иранның жаңа президенті Хасан Роухани Ресей, Қытай және Қырғызстан басшыларымен келіссөздер өткізеді деп хабарланған.

Бішкек саммитінің қорытындысы бойынша Бішкек декларациясын қабылдау жоспарланған.
XS
SM
MD
LG