Accessibility links

Ресейдегі өрттен қаза тапқандар саны 37 адамға жетті


Өртке қарсы қызмет өкілдері Лука елді мекеніндегі психиатриялық аурухананың өртенген ғимараты орнында жүр. Новгород облысы, Ресей, 13 қыркүйек 2013 жыл.

Өртке қарсы қызмет өкілдері Лука елді мекеніндегі психиатриялық аурухананың өртенген ғимараты орнында жүр. Новгород облысы, Ресей, 13 қыркүйек 2013 жыл.

Ресейдің Новгород облысындағы Лука елді мекеніндегі психиатриялық ауруханадағы өрттен қаза тапқандар саны 37 адамға жетті. Бұл туралы тергеу комитетінің осы облыстағы басқармасы хабарлады.

Ресми ақпаратта өрт болған жерден 10 адамның мәйіті табылғаны, арасында науқастарды өрттен құтқару кезінде мерт болған, осы ауруханада жұмыс істейтін 46 жастағы әйелдің денесі де бары айтылған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына науқастардың бірінің абайсыз іс-әрекеті себеп болуы мүмкін.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Ағаштан тұрғызылған жалғыз қабатты аурухана ғимараты өткен түні болған өрт салдарынан түк қалмай жанып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мекемеде болған 60-қа жуық адамның 23-і өрт болған жерден алып шығарылған.

Биыл сәуірде Мәскеу маңындағы психиатриялық ауруханада өрт болып, 36 адам қаза тапқан. Ал 2009 жылы қаңтарда Ресейдің Коми республикасындағы Подъельск селосындағы қарттар үйі өртеніп, 23 адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG