Accessibility links

Алматыда базар өртеніп жатыр


Базардағы өрт
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:29 0:00
Жүктеп алу

"Аян" базарындағы өрттен Азаттық тілшісі түсірген видео. Алматы, 13 қыркүйек 2013 жыл.

Жұма күні түстен кейін Алматыдағы "Аян" базарында өрт шыққан.

Қаланың төменгі жағында аспанға көтерілген қою түтін Алматының жоғарғы бөлігінен де анық көрінеді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Полиция өрт болған жерді бақылауға алып, ол жаққа ешкімді жібермей тұр. Төтенше жағдай министрлігінің өртке қарсы қызметінің техникасы жалынды сөндіруге кіріскені хабарланды. Өрттің аумағы әзірге белгісіз.

"Аян" базарының тұрған орны - жергілікті тұрғындар арасында "Барахолка" деп аталып кеткен бірнеше ірі сауда-кешені жапсарласа орналасқан жерде.
XS
SM
MD
LG