Accessibility links

Ақтөбелік белсендіні қамау мерзімі ұзартылды


Ақтөбе соты. 26 наурыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Ақтөбе соты. 26 наурыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі 13 қыркүйек күні қоғамдық белсенді Тұрарбек Құсайыновты қамау мерзімі қарашаның 1-іне дейін ұзартылғанын хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, ұлттық қауіпсіздік комитеті 33 жастағы белсендіні 1 қыркүйекте Ақтөбеде ұстаған. Алғашында сот санкциясымен 10 тәулікке қамалған Тұрарбек Құсайынов енді тергеу изоляторында тағы бір жарым ай отырмақ. Сот қаулысында «Ол ешқайда жұмыс жасамайды. Бостандықта болса, айыпталушының тергеу мен соттан жасырынуы мүмкін» деп жазылған.

«Ұлы дала» қозғалысының мүшесі Тұрарбек Құсайыновқа «адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілігіне қарсы ауыр қылмыс жасады» деген айып тағылған.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Тұрарбек Құсайынов 2013 жылғы наурыздың 14-і күні Алматыға барған сапарында Сәтпаев көшесіндегі интернет-кафелердің біріне кіріп, жалған электрондық адрес ашқан. Кейін сол адрестен 30-ға жуық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер мен жеке адамдардың электрондық поштасына «ру аралық жаулық пен араздық қоздырушы хат жолдаған».

Соттың мәліметінше, Тұрарбек Құсайынов биыл 7 тамыз күні Ақтөбенің Бейбітшілік даңғылындағы интернет-кафелердің бірінен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің атына «Маңғыстау, Атырау, Орал мен Ақтөбе облыстарының ақсақалдарының атынан жазылған хат» жолдаған.

«29 тамыз күні жүргізілген сараптама бұл мәтін ру аралық жаулық пен араздық қоздыратынын анықтады» деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG