Accessibility links

Алматыдағы өрт 5,4 мың шаршы метрді шарпыған


Базардағы өрт
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:29 0:00
Жүктеп алу

"Аян" базарындағы өрттен Азаттық тілшісі түсірген видео. Алматы, 13 қыркүйек 2013 жыл.

Алматы базарындағы өрт сенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат алты жарым кезінде біржолата өшірілген. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жұма күні түстен кейін Алматыда жергілікті тұрғындар арасында «Барахолка» деп аталатын бірнеше ірі сауда-кешені жапсарласа орналасқан жердегі «Олжа» базарында шыққан өрт аз уақыттан соң көрші тұрған «Аян», «Керемет» базарларына, сондай-ақ «Алатау» базарының бір бөлігіне өткен.

Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, өртке қарсы 60-қа тарта техника мен 320-дан аса қызметкер жұмылдырылған. Сонымен бірге жалын ошағына екі тікұшақтан су шашылған. Өрт жұма күні кешкі сағат сегіз шамасында сөндірілген.

Өрттен зардап шеккен жеті адамға сол жерде дәрігерлік көмек көрсетілген.

Төтенше жағдайлар қызметінің алдын ала деректері бойынша, өрт аумағы 5,4 мың шаршы метрді құраған. Бұл көлемі жағынан осы кезге дейін Алматы базарларында болған ең үлкен өрт болып отыр.
XS
SM
MD
LG