Accessibility links

АҚШ-та тасқыннан төрт адам өліп, 170 адам жоғалған


Табиғи апат салдарынан суда қалған такси көліктері. (Көрнекі сурет)

Табиғи апат салдарынан суда қалған такси көліктері. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Колорадо штатында тасқын салдарынан кемінде төрт адам қаза болып, 170-тен аса адам хабар-ошарсыз кеткен, ондаған ғимарат бүлінген.

Боулдер окургі билік орындарының хабарлауынша, нөсер салдарынан бір тәуліктің ішінде жылдық норманың жартысына жуық жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласқан. Ауа райы қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күнгі жаңбыр суының деңгейі 38 сантиметрге жеткен.

Табиғи апат болған аймақтан мыңдаған адам көшірілген. АҚШ президенті Барак Обама Колорадода төтенше жағдай енгізілетіні туралы хабарлады.
XS
SM
MD
LG