Accessibility links

Ауғанстанда 27 кенші қаза тапты


Саманган провинциясындағы көмір шахталарының бірі. Ауғанстан, 3 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Саманган провинциясындағы көмір шахталарының бірі. Ауғанстан, 3 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанда 27 кенші Саманган провинциясындағы көмір шахтасында (Кабулдан 200 километр) қаза тапты. Сенбі күні "Абхорак" шахтасында кен опырылған. Провинция губернаторының баспасөз хатшысы Мохаммад Седик Азизи "20 кеншінің жарақат алғанын" айтты.

Ауғанстан шахталарында еңбек қауіпсіздігі көп ретте сақтала бермейді. 2012 жылы Бағлан провинциясында 11 кенші қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG