Accessibility links

Үндістан алысқа ұшатын зымыранын сынады


Үндістанның Agni-IV зымыраны. 19 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Үндістанның Agni-IV зымыраны. 19 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Үндістан ядролық бомбаны Қытайдың шығысы мен Еуропаға жеткізе алатын зымыранды сынақтан өткізді. Мұның нәтижесінде бұл ел құрлықаралық баллистикалық зымыран шығаруға жақындай түсті.

Үндістан қорғанысын жетілдіру ұйымының өкілі Рави Кумар Гупта 15 қыркүйекте "Agni-V зымыранының нысанаға дәл түскенін, сынақтың ойдағыдай өткенін" мәлімдеді. Бұған дейін Agni-V зымыранының екі сынағы сәтсіз болған елді.

Үндістан ядролық қорғанысын күшейтіп, қорғаныс саласы қарқынды дамып бара жатқан Қытайдан қалмауға тырысып отыр. Үндістан Пәкістанның да күшейіп келе жатқан ядролық қуатынан қауіптеніп, Оңтүстік Азиядағы қарулану бәсекесіне алаңдайды.

Agni зымырандарының алдыңғы үлгілері Пәкістан мен Батыс Қытайға ғана жете алатын еді.
XS
SM
MD
LG