Accessibility links

Македония мен Косово еркін саудаға қайта көшті


Македония мен Косово шекарасы. Хани-и-Элезит, 11 қыркүйек 2013 жыл.
Македония мен Косово шекарасы. Хани-и-Элезит, 11 қыркүйек 2013 жыл.
Македония Косоводан бидай мен ұн импорттауға қойылған шектеуді алып тастады, Косоводан келетін тауарларға кеден салығы салынбайтынын мәлімдеді. Косово да Македония өнімдеріне қойылған шектеуді жойды.

Жүк көліктері 15 қыркүйекте екі ел шекарасынан ешқандай шектеусіз өтті.

Екі ел арасындағы сауда дауы биылғы шілдеде шиеленісіп кеткен. Македония Косоводан келетін бидай мен ұнға тыйым салған еді. Косово бұған жауап ретінде бір апта бұрын Македония тауарларына шекарадан өтуге шектеу қойған. Бұдан соң Македония шекарадан өту үшін косоволықтарға салық (шекарадан өткен жолаушы екі еуро, көлігімен өткен адам бес еуро) енгізген.
XS
SM
MD
LG