Accessibility links

Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионы атанды


Боксшылар жекпе-жегі. (Көрнекі сурет)

Боксшылар жекпе-жегі. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен Рахат Маржықпаев бокстан жасөспірімдер арасында Киевте өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды..

57 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жүсіпов финалдық жекпе-жекте ресейлік боксшы Гусейн Магомедовті жеңген.

Бокстан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының мүшесі Қадырбек Садырбек әлем біріншілігінде күміс жүлдені еншілеген. Ол финалда әзірбайжандық Рамиль Гаджиевтен ұтылған.

Бұған қоса Қазақстандық боксшылар бес қола жүлде еншілеген.

Украина астанасында өткен әлем чемпионатына 52 елден 300-ден аса спортшы қатысқан. Қазақстан командасы Ресей мен Куба боксшыларынан кейінгі 3-орынға тұрақтаған.
XS
SM
MD
LG