Accessibility links

Қырғызстанда «террорист» деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталған


Қырғызстандағы Ош қаласы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстандағы Ош қаласы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда «Сириядан өткен террористер» деген күдікпен ұсталған топтың арасында Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Арнайы қызметтің мәліметінде «Ислам жихады одағы» деп аталатын күдікті топтың тамыз айының соңында, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Бішкектегі саммиті қарсаңында, Ош облысында қолға түскені айтылған.

«Сириядан Қырғызстанға террористік-диверсиялық акцияларды іске асыру мақсатымен жіберілген топтың құрамында Қазақстан Республикасының бір азаматы мен Ош облысында туып-өскен Қырғыз Республикасының екі азаматы болған, олар Сирияда террорлық құрама қатарында үкімет күшіне қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан» делінген Қырғызстан арнайы қызметінің ақпаратында.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті «бұл топ мүшелерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу барысында оларды террорлық ұйымдардың басшылары мен идеологтары Бішкек және Ош қалаларында шу туғызатын террорлық акциялар жасау мақсатымен Сириядан Қырғызстанға арнайы жібергені анықталды» деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG