Accessibility links

Пиллей Ауғанстандағы адам құқығының жайына алаңдайды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллей баспасөз мәслихатында. Кабул, Ауғанстан, 17 қыркүйек 2013 жыл.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллей баспасөз мәслихатында. Кабул, Ауғанстан, 17 қыркүйек 2013 жыл.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллей Ауғанстандағы адам құқығының жағдайы нашарлап бара жатқанына алаңдаушылық танытты. Бұл туралы ол бүгін Кабулде баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Ауғанстанға алғаш рет сапармен барған Пиллэй жергілікті белсенділердің 2014 жылдың соңына дейін елден шетелдік әскер кеткен соң ахуал өзгереді деп қауіптенетінін айтқан. Сонымен бірге оны әсіресе ауған әйелдерінің құқық жағдайы қалай болатындығы қатты алаңдатады.

Пиллэй бұл мәселені Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесуінде ерекше атап көрсеткенін хабарлады. «Адам құқықтары саяси мақсат-мүдденің құрбаны болмауы керек» деген Пиллей.

Дүйсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігінде бүлікшілер полицияда қызмет атқаратын әйелді атып өлтіріп кеткен еді.

Бұған дейін жасалған келісімдерге сәйкес, халықаралық коалиция күштері 2014 жылдың соңына шейін Ауғанстаннан шығарылуы тиіс. Сол жылы Ауғанстанда президент сайлауы өтеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG