Accessibility links

Пхеньян БҰҰ-ның есебін мойындаудан бас тартты


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жаппай шеруге жиналған халықққа қол бұлғап тұр. Пхеньян, 9 қыркүйек 2013 жыл.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жаппай шеруге жиналған халықққа қол бұлғап тұр. Пхеньян, 9 қыркүйек 2013 жыл.

Солтүстік Корея билігі осы елде адам құқықтарының бұзылып отырғаны туралы БҰҰ сарапшыларының қорытындысын «Пхеньянға жау күштердің саяси қаскөйлік әрекетінің бір бөлігі» деп атады.

Сейсенбі күні жарияланған БҰҰ өкілдерінің есебіндегі Солтүстік Кореядан шетелге кеткен эмигранттардың (арасында бұрын саяси тұтқында болғандар да бар) берген куәліктерінде ол елде билік адам құқықтарын үнемі және жүйелі түрде бұзып келе жатқаны туралы айтылған.

Солтүстік Кореядағы адам құқықтарын бұзу оқиғаларын зерттеу жөніндегі БҰҰ арнайы комиссиясының төрағасы Майкл Кирби ол елде тұтқындарды аштықта ұстап, азаптаудың айтуға ауыз бармайтын түрлері қолданылғаны туралы хабарлаған. Бұл туралы куәліктер тамыз айында Сеул мен Токиода өткен ашық тыңдауларда айтылған.

Кирби Солтүстік Корея елінің үкіметі БҰҰ комиссиясының сауалдарын жауапсыз қалдырғанын айтты. Оның сөзінше, комиссия адам құқықтарын бұзуға байланысты жауапкершілік Солтүстік Кореядағы қандай ұйымдар мен нақты қай шенеуніктердің мойнында екенін анықтайтын болады.
XS
SM
MD
LG