Accessibility links

Тәжікстанда президент сайлауына кандидат тіркеу басталды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.
Тәжікстанда президент сайлауына кандидаттар тіркеу басталды. 17 қыркүйектен бастап саяси партиялар мен екі ұлттық ұйым мемлекет басшысы қызметіне үміткер ұсына алады.

Тәжікстанның реформашыл күштері ассоциациясы, социал-демократиялық партия мен көрнекті қоғам қайраткерлері коалициясы сайлауға Ойнихол Бобоназарованы ұсынатындарын мәлімдеді. Елдегі ірі оппозициялық ұйым - Ислам өркендеу партиясы да Бобоназарованы өз кандидаты ретінде танитынын хабарлады. Өзге бес партия өз үміткерлерін ұсыну мәселесін қарастырып жатыр.

Тәжікстанның халықтық демократиялық партиясы президент сайлауына қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды ұсынатындарын жариялады. Ол Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді.

Кандидаттарға тіркелу үшін 25 күн берілген. Сайлау 6 қарашада өтеді.
XS
SM
MD
LG