Accessibility links

Бразилия президенті АҚШ-қа сапарын шегерді


Бразилия президенті Дилма Русеф. Бразилия, 23 сәуір 2013 жыл.
Бразилия президенті Дилма Русеф. Бразилия, 23 сәуір 2013 жыл.
Бразилия президенті Дилма Русеф "АҚШ аңдуынан қауіптеніп", Вашингтонға сапарын кейінге қалдырды.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ президенті Барак Обама дүйсенбі күні бразилиялық саясаткермен телефон арқылы сөйлескен. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карнидің айтуынша, Барак Обама "Дилма Русефтің сақтығы Бразилия халқының назарын АҚШ-тың барлау қызметіне орынсыз аударғанына" қынжылыс білдірген. Карнидің сөзінше, Барак Обама "екі ел қатынастарына салқынын тигізген бұл оқиғаның салдарын жою үшін Дилма Русефпен және оның үкіметімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін" айтқан.

Дилма Русеф "көмекшілерімен жазысқан хаттарын АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі аңдыған" деген ақпарат шыққан соң АҚШ-қа сапарын кейінге шегерген. Бұл ақпарат АҚШ барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің арқасында жарияланып кеткен.
XS
SM
MD
LG