Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия бойынша мәмілеге келе алмады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (оң жақта) пен Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус. Мәскеу, 17 қыркүйек 2013 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (оң жақта) пен Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус. Мәскеу, 17 қыркүйек 2013 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі бес елдің елшілері Сирия бойынша мәмілеге келе алмады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 18 қыркүйекте Сирияға қатысты қарар қабылдануы керек еді. Ол құжатта АҚШ пен Ресейдің Сириядағы химиялық қаруды бір жыл ішінде жою туралы жоспары бекітілуі тиіс болған.

Дипломаттардың айтуынша, Франция, Ұлыбритания және АҚШ "Дамаск мойнына алған міндеттерін орындамаса, оған қарсы міндетті түрде шара қолданылуы тиіс" десе, Ресей кез-келген күш қолдану әрекетіне қарсы шыққан.

Бұл келіспеушілік сейсенбіде Мәскеуде өткен Франция мен Ресей сыртқы істер министрлері кездесуінде де көрінген еді. Француз министрі Лоран Фабиус өткен айда жасалған "химиялық шабуыл үшін Сирия үкіметі жауап беруі керек" деп мәлімдесе, Ресей министрі Сергей Лавров "бұл шабуылдар Сирия билігін арандату үшін жасалған" деген.
XS
SM
MD
LG