Accessibility links

Экс-депутат пен экс-вице-министр «Нұр Отаннан» шығарылды


Парламенттің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова. Астана, парламент отырысы, 5 қазан 2009 жыл.

Парламенттің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова. Астана, парламент отырысы, 5 қазан 2009 жыл.

18 қыркүйекте Қазақстан парламентінің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова мен бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов Қазақстандағы билік партиясы "Нұр Отан" қатарынан шығарылды. Партия сайтында "мұндай шешім 18 қыркүйек күні болған партияның саяси кеңесі мен партия бақылауы комиссиясы отырысында қабылданды" деп жазылған.

Бақыт Сыздықованың партиядан шығарылу себебі ретінде 2007 жылы ол басқарған қоғамдық ұйымға көмек ретінде бөлінген қаражаттың қайтарылмауы айтылған. «Нұр Отан» ақпараты бойынша, үкіметтік емес ұйым 7 миллион теңге алған. Қарыз өсіміне байланысты қазір ұйымның партияға борышы 15 миллион теңгеге жеткен.

Бақыт Сыздықова «Нұр Отаннан» шығарылғаны жайлы Twitter-де «Мен есеңгіреп қалдым...» («Я в глубоком шоке..») деп жазды.

Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов «Нұр Отан» партиясынан «партия атына кір келтіргені үшін» шығарылған. Шаяхметов 2013 жылы мамыр айында коррупцияға қатысы бар күдікті ретінде тұтқындалған еді. Оған "Өскемен қаласындағы мектеп құрылысына бөлінген ақшаны ұрлады" деген айып тағылған.

Партия сайтындағы мәліметтерге қарағанда, 2013 жылдың сегіз айында партия қатарынан 201 адам шығарылған.
XS
SM
MD
LG