Accessibility links

Ұлыбритания Қазақстан кәсіпкерлеріне виза беруді жеңілдетті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон, 21 шілде 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон, 21 шілде 2013 жыл.
Ұлыбритания Қазақстан кәсіпкерлеріне виза беруді жеңілдетті. Бұл туралы 18 қыркүйекте Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

Сайт "Ұлыбритания премьерінің сауда елшісі Чарльз Хэндри Қазақстан-Британия сауда-өнеркәсіп кеңесінің 17-отырысында қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілгенін хабарлады" дейді.

Чарльз Хэндри «Біз енді пилоттық негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз, оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы екі-үш күн ғана кетеді» деген.

Primeminister.kz сайтының хабарлауы бойынша "бүгін 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырған, олардың 10-ы визаларын алған".

Хэндри «Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастырамыз. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады» деген.

Қазақстан кәсіпкерлеріне виза беруді жеңілдету бағдарламасы Ұлыбритания Премьер-министрінің Дэвид Кэмеронның Қазақстанға шілде айында жасаған сапары кезінде жарияланған.

18 қыркүйекте Астанада Қазақстан-Британия сауда-өнеркәсіп кеңесінің 17-отырысы өтіп жатыр. Онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланады.
XS
SM
MD
LG