Accessibility links

Украина ЕО-мен әріптестік келісімі жобасын бекітті


ЕО президенті Херман Ван Ромпей (ортада), Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу (оң жақта) және Украина премьер-министрі Виктор Янукович (сол жақта) ЕО штаб-пәтерінде кездесіп тұр. Брюссель, 25 ақпан 2013 жыл.

ЕО президенті Херман Ван Ромпей (ортада), Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу (оң жақта) және Украина премьер-министрі Виктор Янукович (сол жақта) ЕО штаб-пәтерінде кездесіп тұр. Брюссель, 25 ақпан 2013 жыл.

18 қыркүйекте Украина парламенті Еуропа Одағымен әріптестік келісімі жобасын бекітті. Үкіметтің баспасөз қызметі құжаттың 18 қыркүйек күні бекітілгенін растады.

ЕО-ның Украинадағы делегациясының басшысы Ян Томбинский Киевте журналистерге келісім жобасын бекіту Украина үкіметінің "маңызды қадамы" болғанын, енді қарашада болатын Вильнюс саммитінде келісімге қол қойылса, оның Украина және ЕО азаматтарының бірлескен жеңісіне айналатынын айтқан.

Ал Украина коммунистік партиясының жетекшілері Орталық сайлау комиссиясының шешіміне наразы. Украинаның сайлау комиссиясы бұл партияның Украинаның Кеден Одағына кіруі жөнінде референдум өткізу ұсынысын қабылдамай тастаған. Коммунистер енді комиссия шешіміне шағым түсірмек.

Мәскеу Киевтің ЕО-мен әріптес болғанын қаламайды. Сол үшін Украинаға түрлі қысым жасап келеді. Кремль бұл елді Ресей, Қазақстан, Беларусь бірігіп құрған Кеден Одағына кіргізуді көздейді.
XS
SM
MD
LG