Accessibility links

Ирандық құқық қорғаушы бостандыққа шықты


Ирандық құқық қорғаушы заңгер Насрин Сотуде. Тегеран, 1 қараша 2008 жыл.
Ирандық құқық қорғаушы заңгер Насрин Сотуде. Тегеран, 1 қараша 2008 жыл.
Иран билігі белгілі құқық қорғаушы, заңгер әйел Насрин Сотудені түрмеден босатты. Жұбайы Реза Ханданның хабарлауынша, 18 қыркүйекте құқық қорғаушыны үйіне әкелген билік өкілдері Сотудеге жазасының қалған бөлігін өтеу үшін түрмеге оралудың қажеті жоқтығын айтқан.

Сәрсенбі күні Иранда Сотудемен бірге тағы бірнеше саяси тұтқынның бостандыққа шыққаны туралы хабарланды.

Иранда 2009 жылы билікке қарсы толқулардан соң сотқа тартылған оппозиционерлерді қорғаған заңгер Насрин Сотуде 2010 жылы «ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірді» деген және тағы басқа айыптар бойынша сотталып, түрмеге қамалған.

Иран билігі саяси тұтқындарды ел президенті Хассан Роуханидің Нью-Йорктегі БҰҰ бас ассамблеясына барарының алдында түрмеден босатып отыр.

Өткен айда қызметіне жаңадан кіріскен президенті Хассан Роухани бұған дейін ел азаматтарының құқықтарын кеңейтуге және ұстамды саясат жүргізуге уәде берген еді.

2012 жылы Еуропарламенттің Андрей Сахаров атындағы «Ой азаттығы» сыйлығы Насрин Сотуде мен оның отандасы кинорежиссер Джафар Панахиге берген.
XS
SM
MD
LG