Accessibility links

Каддафи ұлының соты


19 қыркүйекте Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламның соты өтеді. Онымен бірге Ливия арнайы қызметтерінің бұрынғы басшысы Абдулла әл-Сенусси де жауапқа тартылмақ. Сейф әл-Ислам Каддафиге "2011 жылы Ливиядағы азаматтық соғыс кезінде кісі өлтірді" деген айып тағылған. Ол Каддафи тұсында басқа да қылмыстар жасады деген күдікке де ілініп отыр. 2013 жылы ақпанда Гаагадағы халықаралық сот Ливиядан Каддафидің ұлын сұраған. Алайда Ливия Сейф әл-Исламды беруден бас тартты. Егер айыптары дәлелденсе, Ливия соты оны өлім жазасына кесуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG