Accessibility links

TI: Қазақстан қорғаныс саласында коррупция қаупі жоғары


Отар полигонындағы парадқа келген жауынгерлер. Қазақстан, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Отар полигонындағы парадқа келген жауынгерлер. Қазақстан, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Transparency International халықаралық ұйымының жаңа зерттеуінде Қазақстанның қорғаныс саласында жемқорлық қаупі жоғары екені айтылды.

Ұйымның Government Defence Anti-Corruption Index зерттеуінде Қазақстан 2013 жылғы индексі бойынша "қорғаныс саласындағы коррупция қаупі жоғары" деп танылған Ресей, Сербия, Грузия, Греция, Кения, Ливия, Непал, Уганда, Түркия сияқты 17 елдің қатарында аталады.

Зерттеуде әлемнің 82 мемлекеті қамтылған. Олар қорғаныс секторында коррупция "өте төмен" (Австралия, Германия, Норвегия, Ұлыбритания), "төмен" (Бразилия, Франция, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, АҚШ сияқты 12 ел), "орташа" (15 мемлекет), "жоғары", "өте жоғары" (Ауғанстан, Беларусь, Қытай, Пәкістан, Өзбекстан, Венесуэла сияқты 21 ел) және "қауіпті" (Алжир, Ангола, Египет, Иран, Ливия, Сирия сияқты 14 мемлекет) деп алтыға бөлінген.

Зерттеу 7 өлшем бойынша жасалған. Олар: сектор бюджетінің жария талқылануы, сала бюджетінің құпия болмауы және жариялылығы, барлау қызметтері бюджетінің бақылануы, сыртқы аудит жасату жиілігі, қару-жабдық сатып алудың қадағалануы, бұл саланың дамуы туралы дискуссиялардың болуы.

Баяндамада бұл елдердің үштен екісінің парламенті қорғаныс министрлігі мен қарулы күштерді жеткілікті дәрежеде бақылай алмайтыны айтылған.

Transparency International зерттеуге қамтылған елдердің қорғаныс секторындағы коррупция көлемі 20 миллиард АҚШ долларына жуық екенін айтады.

Ұйымның мәлімдеуінше, "зерттеу парламенттік елдерден гөрі президенттік басқару жүйесі орнаған мемлекеттерде коррупцияның жоғары болатынын көрсеткен".
XS
SM
MD
LG