Accessibility links

Египетте қарулы топ полицияға қарсылық көрсеткен


Оппозиция мен олардың қарсыластарының арасында қақтығыс болмауын қадағалап тұрған қауіпсіздік күштері. Александрия, Египет, 6 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Оппозиция мен олардың қарсыластарының арасында қақтығыс болмауын қадағалап тұрған қауіпсіздік күштері. Александрия, Египет, 6 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Египеттің мемлекеттік телеарнасы бейсенбі күні таңертең Каирдың маңында қауіпсіздік күштері мен қарулы топ арасында қақтығыс болып, бір полиция қызметкерінің жараланғаны туралы хабарлады. Қақтығыс болған ауданда коменданттық сағат тәртібі енгізілген.

Телеарна хабарламасында, Кердаш ауданына қауіпсіздік күштері полиция мекемелеріне жасалған шабуылдар мен он бір полицейдің өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген адамды ұстауға барғаны айтылады. Бұл қылмыстар Египетте шілденің 3-і күні әскерилер президент Мұхаммед Мурсиді қызметінен шеттеткен соң жасалған.

Билік ауысқалы бері Египетте жағдай шиеленісіп кетті. Мурсидің қолдаушылары оны қызметіне қайтаруды талап етіп жаппай наразылық акцияларын өткізді. Полиция мен қауіпсіздік күштері қарсылық шеруін күшпен таратып, қақтығыстар барысында жүздеген адам құрбан болған.

Өткен аптада Египет билігі елде үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген "Мұсылман бауырлар" қозғалысын тарату туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді. 1954 жылы қызметіне тиым салынған бұл қозғалыстың өкілі Мұхаммед Мурси Египетте Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен соң алғаш рет өткізілген сайлаудың нәтижесі бойынша президент болып сайланған еді.
XS
SM
MD
LG