Accessibility links

Паралимпиадашылар әлемдік жарыста 10 медаль алды


Қазақстан делегациясы паралимпиаданың ашылу салтанатында. 30 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан делегациясы паралимпиаданың ашылу салтанатында. 30 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан құрамасы Голландияда өтіп жатқан Бүкіләлемдік паралимпиада ойындарының алғашқы күні бес алтын, екі күміс және үш қола жүлде иеленді деп хабарлады Қазақстан паралимпиада комитеті.

Михаил Еременко (жүзу), Равиль Мансурбаев (диск лақтыру) және Павел Сидорчук (ядро лақтыру) бір-бір алтыннан жеңіп алған.

Ал жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2011 жылғы мүгедектер арасындағы Бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы Зүльфия Ғабидуллина 50 және 200 метр қашықтыққа еркін әдіспен жүзуден мәреге бірінші келіп, екі алтын медаль алды.

50 метрге еркін стильмен жүзуден Алина Михайлова мен Руслан Өтебалиев күміс жүлдегер атанды.

Тура осы қашықтықта еркін жүзуден Эллина Байделдинова мен Владимир Эрман, сонымен бірге диск лақтырудан Ирина Тыщенко қола медаль еншілеген.

14 қыркүйекте Голландияның Стадсканаал қаласында басталған Бүкіләлемдік паралимпиадалық ойындарға әлемнің 35 елінен 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан командасында 16 адам бар, олар спорттың үш түрі бойынша (садақ ату, жеңіл атлетика, жүзу) сынға түседі. Әлемдік жарыс 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бүкіләлемдік паралимпиадалық ойындар екі жылда бір рет өткізіліп отырады. Бұған дейін 2011 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде, ал 2009 жылы Үндістанда өткен.
XS
SM
MD
LG