Accessibility links

Ауғанстанда аудан басшысы талибтерге қосылып кетті


Қаруын көрсетіп отырған талиб. (Көрнекі сурет)
Қаруын көрсетіп отырған талиб. (Көрнекі сурет)
Ауғанстандағы бір ауданның басшысы, ел парламентінің бұрынғы мүшесі Кази Абдул Хай «Талибан» қозғалысының қатарына қосылғаны туралы хабар тарады.

Сари-Пуль провинциясының губернаторы Абдул Джаббар Хакбинның айтуынша, Кохистанат ауданын басқарған Хай осы аптада жоғалып кеткен.

Талибтер интернетте жариялаған бейнетаспада Хай Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың үкіметі мен оның одақтастарынан көңілі қалғандықтан «Талибан» қозғалысына қосылғанын мәлімдеген.

Хайдың айтуынша, ол туған ауданындағы ықпалды адамдармен кеңескен соң «Талибанға» қосылған. Осы кезге дейін талибтер жағына ондай жоғары лауазымды тұлға өткен емес.

Ауғанстаннан 2014 жылдың соңына дейін халықаралық коалиция күштері шығарылады деп жоспарланған. Сол жылы көктемде елде кезекті президент сайлауы өтуі тиіс.
XS
SM
MD
LG