Accessibility links

Шымкенттегі жарылыстан бір адам жараланды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бейсенбі күні Шымкентте болған жарылыс салдарынан бір жас әйел жараланып, ауруханаға жеткізілгені туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Төтенше оқиға 19 қыркүйекте түскі сағат екі жарым шамасында Чапаевка елді мекеніндегі бір жекеменшік үйдің жанында болды. 22 жастағы әйел нәрестесі жатқан арбаны үйдің қақпасынан кіргізіп, өзі де ішке өте бергенде белгісіз зат жарылған деп хабарлайды шымкенттік «Отырар» телеарнасы.

Жарылыстан оң аяғы қатты зақымданған әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады. Сәби зардап шекпеген. Жарылыс болған жерді қоршауға алған полиция әзірге ешқандай түсініктеме бермеді.

Шымкенттің шетіндегі Чапаевка елді мекенінде бұған дейін де бірнеше рет жарылыстар болған. Былтыр тамызда Чапаевкада тура осындай жарылыстан Ресей азаматы – 22 жастағы әйелдің аяғынан жараланғаны туралы Азаттық хабарлаған.

Шілде айында полиция "жарылыстарға қатысы бар" деген күдікпен сол жерде тұратын үш адамды ұстаған.
XS
SM
MD
LG