Accessibility links

Алматы маңында жер сілкінді


Көктөбеден қарағандағы Алатау баурайы. (Көрнекі сурет)
Көктөбеден қарағандағы Алатау баурайы. (Көрнекі сурет)
Жұма күні Астана уақытымен сағат 22.28-де Алматы облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрілігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 111 шақырымдай жерде, Қырғызстан аумағында болған деп хабарланды. MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 баллдық жерасты дүмпулері Алматы қаласында сезілген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.
XS
SM
MD
LG