Accessibility links

Үлескерлер облыс әкіміне арыз айтуға жолға шықты


Үлескерлер тобы Алматы облысының әкіміне талаптарын жеткіззу үшін Талдықорғанға автокеруенмен жолға шыққалы тұр. Алматы, 21 қыркүйек 2013 жыл.
Үлескерлер тобы Алматы облысының әкіміне талаптарын жеткіззу үшін Талдықорғанға автокеруенмен жолға шыққалы тұр. Алматы, 21 қыркүйек 2013 жыл.
Сенбі күні таңертең ондаған үлескер екі үлкен автобуспен Алматыдан Талдықорғанға жолға шықты. Олар Алматы облысының әкіміне жолығып, өздеріне тиесілі «Премьера» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау туралы талаптарын жеткізбекші.

– Құрылыс компаниялары бір шаршы метрдің бағасы 108 мың теңге болып қымбаттағанын айтады, ол бағаны кім қойды, есебі қайда? Оның үстіне енді балконды да пайдалы алаң деп енгізіп, сол үшін ақша алмақшы. Алданған үлескерлерге мемлекеттен сегіз ай бұрын бөлінген ақшаның қандай шартпен банкте жатқанын да білмейміз, құрылыс болса тоқтап тұр. Біз осы сауалдарымызды әкімге қоймақшымыз, - деді Азаттыққа үлескерлердің бірі Руслан Тухтиев.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысына ақшасын салып, кейін құрылыс компаниясы банкротқа ұшырап, алданып қалған «үлескерлер» мен банктен ипотекалық несие алып, оны мерзімінде қайтара алмай, қиындыққа тап болған «борышкерлер» мәселесі әлеуметтік проблемаға айналып отырғаны туралы Азаттық сайты үнемі жазып келеді.

Соңғы бірнеше жылдың көлемінде әр түрлі қозғалысқа біріккен үлескерлер мен борышкерлер бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген еді. Белсенділердің дерегі бойынша, Қазақстанда олардың саны ондаған мың адамды құрайды.
XS
SM
MD
LG