Accessibility links

Алматы: Жастарға басты мәселе - баспана


"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша құжат өткізуге кезекте тұрғандар. Алматы, 10 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша құжат өткізуге кезекте тұрғандар. Алматы, 10 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматыда баспанасы бар жастардың саны екі пайызға да жетпейді. Бұл туралы сенбі күні Алматыда жастар тақырыбына арналған жиында айтылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жиында сөйлеген қоғамдық ұйым жетекшісі Меруерт Махмутованың айтуынша, Алматыда жастардың 1,6 пайызының жеке баспанасы бар, 55 пайызы – пәтер жалдап тұрады. Қалғандары ата-анасымен бірге немесе жатақханада тұрып жатыр. Сонымен бірге, Алматыдағы жастардың 57 пайызының еңбек табысы 50 мың теңгеден (330 доллар) төмен деген дерек келтірді Махмутова.

Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры ұйымдастырған жастар форумына бірнеше ондаған адам қатысқан.

Шілде айында Алматыда жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге арналған «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл тұңғыш рет 29 жасқа дейінгі жас отбасылардан өтініш-құжаттар қабылдау жүргізілген. Жергілікті билік өкілдері аталған бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін Алматыда 3 мың пәтер салу жоспарланғанын Азаттыққа айтқан еді.
XS
SM
MD
LG