Accessibility links

Кенияда қарулы шабуылдан 20 адам мерт болған


Қарулы топ басып алған «Вестгейт» сауда орталығы алдындағы көлікті тасалаған полиция. Найроби, Кения, 21 қыркүйек 2013 жыл.

Қарулы топ басып алған «Вестгейт» сауда орталығы алдындағы көлікті тасалаған полиция. Найроби, Кения, 21 қыркүйек 2013 жыл.

21 қыркүйекте Кенияның астанасы Найроби қаласындағы «Вестгейт» деп аталатын қымбат сауда орталығына жасалған қарулы шабуылдан кемінде 20 адам қаза болып, 50 адам жараланған. Бұл туралы Кениядағы Қызыл крест ұйымы хабарлады.

Соңғы жеткен ақпараттар бойынша, «Вестгейтті» полиция күшімен бірге әскерилер де қоршап тұр. Қарулы топ басып алған сауда орталығында ондаған адам кепілде отыруы мүмкін деп хабарланды.

Бастапқыда төтенше оқиғаны тонаушылардың ісіне ұқсатқанымен, Кения полициясының басшылығы бұл «террорлық шабуыл болуы мүмкін» деген болжам айтқан.

Әзірге бұл шабуылды ешкім мойнына алған жоқ. Бұған дейін көрші Сомалидегі «Әл-Шабааб» діни радикалдық тобы («Әл-Қаида» ұйымымен байланысы бар) ) Кения үкіметінің Сомалиге әскер жібергені үшін осы сауда орталығына шабуыл жасап кек қайтаратындарын айтып доқ көрсеткен еді.
XS
SM
MD
LG