Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан ондаған адам өлді


Жарылыстан ұлы қаза тапқан христиан әйел жылап тұр. Пешавар, 22 қыркүйек 2013 жыл.

Жарылыстан ұлы қаза тапқан христиан әйел жылап тұр. Пешавар, 22 қыркүйек 2013 жыл.

22 қыркүйекте Пәкістанның Пешавар қаласындағы шіркеу жанында жарылыс болды. Екі жанкешті терроршы Әулие Иоанн шіркеуінде өздерін жарып жіберген. Жарылыстан 50 адам қаза тауып, 70 адам жараланған. Жарақат алғандардың көбі әл үстінде жатыр.

Бұл Пәкістанда христиандарға жасалған ең ірі шабуыл болып отыр.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф шабуылды айыптап, "кінәсіз адамдарға шабуыл жасау - исламға және барлық діндерге қайшы әрекет" дәп мәлімдеді.

Пешавар полициясының мәліметі бойынша, "теракт жасалған кезде шіркеуде 600 адам болған".

Пешавар - Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының орталығы.

Пәкістан халқының төрт пайызы - христиандар. Исламшыл экстремистер оларға шабуыл жасап тұрады. 2009 жылы Годжра қаласында тобыр христиандардың үйлері мен шіркеуін өртеп кеткен еді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша, Пәкістан - азшылық өкілдеріне ең қауіпті елдің бірі.
XS
SM
MD
LG