Accessibility links

Greenpeace Ресей таққан айыпты жоққа шығарды


Greenpeace ұйымының Арктикаға бет алған Arctic Sunrise кемесі. Ресей, Печора теңізі, 17 қыркүйек 2013 жыл

Greenpeace ұйымының Арктикаға бет алған Arctic Sunrise кемесі. Ресей, Печора теңізі, 17 қыркүйек 2013 жыл

Greenpeace ("Гринпис") халықаралық экологиялық ұйымы Arctic Sunrise мұзжарғыш кемесінің экипажына Ресей үкіметінің таққан "қарақшылық жасады" деген айыбын жоққа шығарды. 22 қыркүйекте Greenpeace таратқан мәлімдемеде ұйым заңгері Джаспер Тойлингс айыптауды "Ресейдің халықаралық теңіз аумағында жүрген кемеге заңсыз басып кіруін ақтап алу әрекеті" деп атады.

Ресейдің жағалау күзеті қызметі 19 қыркүйекте Печора теңізінде бортында Greenpeace ұйымының 30-ға тарта белсендісі бар кемені тұтқындаған еді. Белсенділер Арктикадан мұнай өндіруге қарсылық білдіру үшін "Газпромның" мұнай платформасына бармақ болған.

Arctic Sunrise кемесін экипажы және жолаушыларымен бірге Мурманск портына апара жатыр. Ресей оларға "қарақшылық жасады" деген айып тағуы ықтимал. Бұл айып бойынша 15 жылға дейін түрме жазасы кесілуі мүмкін.

Ресей президенті аппаратының басшысы Сергей Иванов Стокгольмде сөйлеген кезде Greenpeace-тің бұл ісін Сомали қарақшыларының әрекетіне теңеген.
XS
SM
MD
LG