Accessibility links

Хромтауда мигранттар мінген автобус аударылды


Ақтөбе облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет

Ақтөбе облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет

Ақтөбе облысы аумағында жексенбі күні түнде Өзбекстанның 100-ге тарта азаматы мінген "Мерседес" жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жол апаты Хромтау қаласынан 15 шақырым қашықтықта болған. Апат салдарынан автобустың он жолаушысы жараланып, Хромтауға жақын Қарғалы аудандық ауруханасына жеткізілген.

Төтенше оқиғаға қатысты тараған ақпаратта "Мәскеу-Ташкент" бағытында жолаушылар тасымалдап бара жатқан 55 орындық автобустың 61 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылған деген болжам айтылған. Ондағы жолаушылардың арасында 3 айлық нәрсе болған деп хабарланды.

Аурухананың бас дәрігері Әділхан Бахуновтың айтуына қарағанда, зардап шеккендер негізінен милары шайқалып, денелерін ауыртып алған.
XS
SM
MD
LG