Accessibility links

Түрмедегі Pussy Riot мүшесі аштық жариялады


Pussy Riot мүшесі Надежда Толоконникова. Саранск қаласы, 26 шілде 2013 жыл

Pussy Riot мүшесі Надежда Толоконникова. Саранск қаласы, 26 шілде 2013 жыл

Pussy Riot панк тобының түрмеде жазасын өтеп жатқан мүшесі Надежда Толоконникова бүгін аштық жариялады деп хабарлады оның күйеуі Петр Верзилов. Толоконникова түрме басшылығы мен қызметкерлерінің өзін "өлтіретіні туралы қоқан-лоқы көрсетіп жатқанына" наразылық ретінде аштық жариялайтынын айтқан.

Надежда Толоконникованың айтуынша, түрмеде жатқан әйелдердің құқықтары жиі бұзылады.

2012 жылы ақпанда Мәскеудегі құтқарушы Ғайса ғибадатханасында «Құдай ана, Путинді қуа көр!» деп ән айтқаны үшін Pussy Riot панк-тобы мүшелері Надежда Толоконникова, Мария Алехина және Екатерина Самуцевичтің үстінен «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 17 тамызда әрқайсысы екі жыл мерзімге сотталған. Екатерина Самуцевич 2012 жылы қазанда жазасы шартты мерзімге ауыстырылып, бостандыққа шыққан.

Құқық қорғаушы ұйымдар Pussy Riot тобы мүшелерін соттау Ресей президенті Владимир Путиннің саяси диссиденттерге төзбейтінін көрсетіп отыр деп сынайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын әлемге танымал музыканттар Ресей билігінен түрмеде отырған топ мүшелерін бостандыққа шығаруды сұраған.
XS
SM
MD
LG