Accessibility links

"Нұр Отан" Сыздықова туралы мәлімдеді


Бауыржан Байбек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. (Сурет "Нұр Отан" партиясының ресми сайтынан алынды).

Бауыржан Байбек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. (Сурет "Нұр Отан" партиясының ресми сайтынан алынды).

"Нұр Отан" партиясынан шығарылған экс-депутат Бақыт Сыздықова "қарыз ақшасын" қайтармай партияға қайта қабылданбайды деп мәлімдеді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, "Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша.

Партияның Астана қалалық филиалының конференциясында сөйлеген Бауыржан Байбек "партия қаржысы тиімді және ашық түрде жұмсалуы тиіс" екенін айтты.

Бақыт Сыздықова 18 қыркүйекте партия қатарынан шығарылған еді. "Нұр Отан" басшылығы оның өзі басқарған қоғамдық қорға партиядан бөлінген 7 миллион теңгені қайтармағанын айтқан.

Бұған жауап ретінде Бақыт Сыздықова Астанада баспасөз жиынын өткізіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайға араласуды сұрап үндеу жасаған. Экс-депутат "Нұр Отанға" қарыз емес екенін, партиядан не үшін шығарылғанын түсінбейтінін айтқан.
XS
SM
MD
LG