Accessibility links

Египет "Мұсылман бауырлар" ұйымына тыйым салды


"Мұсылман бауырлар" қозғалысының жақтаушысы наразылық акциясында Мұхаммед Мурсидің суретін ұстап жүр. Каир, 6 қыркүйек 2013 жыл.
"Мұсылман бауырлар" қозғалысының жақтаушысы наразылық акциясында Мұхаммед Мурсидің суретін ұстап жүр. Каир, 6 қыркүйек 2013 жыл.
Египет соты 23 қыркүйекте "Мұсылман бауырлар" исламшыл қозғалысына тыйым салып, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Сотқа төрағалық еткен судья Мұхаммед әл-Сайед шілдеде биліктен кетірілген президент Мұхамед Мурсидің "Мұсылман бауырлар" қозғалысы мен оның қызметіне және осы қозғалыспен байланысы бар басқа да ұйымдарға тыйым салды.

Египет үкіметі Мұхаммед Мурсидің жақтастарына қарсы қудалауды күшейткен. "Мұсылман бауырлар" қозғалысының мүшелері соттың бұл шешіміне шағым түсіре алады. Шағым түскен жағдайда биліктің "Мұсылман бауырлармен" байланысы бар, қозғалысқа қаржы жинаумен айналысатын қайырымдылық қорларын анықтауы оңайға түспек.

"Мұсылман бауырлар" құрылған 85 жылдан бері көп жылдар бойына қызметіне тыйым салынып келген. Қозғалыс 2011 жылы президент Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен соң ашық түрде қызмет ете бастаған. Қозғалыс өз партиясын құрып, 2011 және 2012 жылдардағы сайлаулар кезінде билікке келген еді.
XS
SM
MD
LG