Accessibility links

Украина: Қытайға жалға жер берілмейді


Қытай фермері (оң жақта) шетелде көкөніс өсіретін жылыжайда жұмыс істеп жүр. 14 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытай фермері (оң жақта) шетелде көкөніс өсіретін жылыжайда жұмыс істеп жүр. 14 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның мемлекеттік KSG Agro ауыл шаруашылығы компаниясы "бұл ел Қытайға жалға жер береді" деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін қытайлық ақпарат құралдары KSG Agro компаниясы мен қытайлық Xinjiang Production және Construction Corps фирмалары Украинадан үш миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін жалға алуға келісім жасасқаны жайлы хабарлаған еді.

KSG Agro 24 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде қытайлық серіктестерімен ауыл шаруашылық жерлерін тамшылап суару жүйесіне қатысты ынтымақтастық орнатуға тырысып жатқанын айтады. KSG Agro бұған қоса "жерді шетелдіктерге, оның ішінде қытайлық фермерлерге сатуға ниетті емес екенін және ондай құқықтары жоғын" айтады.

Азаттықтың Украин қызметіне берген түсініктемесінде Украина аграршылары клубының төрағасы Алекс Лисситса Қытай ақпарат құралдарының ақпаратын "негізсіз және арандатушылық мақсатта жасалған" деді.
XS
SM
MD
LG