Accessibility links

Обама: "Әлем Сирияны химиялық қарудан арылтуға күш салсын"


АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қыркүйек 2013 жыл

АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қыркүйек 2013 жыл

АҚШ президенті Барак Обама 24 қыркүйек күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеп тұрып халықаралық қауымдастықты Сириядағы химиялық қаруға бірлесе тыйым салуға шақырды. Ол Сирия президенті Башар Асад режимінің 21 тамыз күнгі Дамаск түбінде болған шабуыл кезінде химиялық қару қолданғанына "дәлел жетіп артылатынын" айтты.

Обама БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін АҚШ-Ресей келісімі бойынша Сирияны химиялық қарудан арылуға міндеттейтін қатаң резолюция қабылдауға шақырды.

АҚШ президенті Ақ үйдің Иранға қатысты ұстанымын да атап өтіп, Ираннан "ашық", "нақты" іс-әрекет күтетінін мәлімдеді. Ол Иранмен ядролық келіссөз жүргізу кезінде дипломатиялық жолдың сыналатынын айтты.

24 қыркүйек күні Нью-Йоркте ашылған БҰҰ-ның 68-Бас ассамблеясында бірінші болып баяндама жасаған бас хатшы Пан Ги Мун да Сириядағы химиялық қаруларды жоюға шақырған.
XS
SM
MD
LG