Accessibility links

Пәкістанда жер сілкінісінен 45 адам мерт болды


Пәкістанынң Белуджистан провинциясының картасы. Көрнекі сурет

Пәкістанынң Белуджистан провинциясының картасы. Көрнекі сурет

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында 24 қыркүйекте күшті жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан 45 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Америкалық сейсмологтардың хабарлауынша, зілзала магнитудасы 7,8 балды құраған. Зілзала ошағы Белуджистан провинциясында болғанымен, дүмпуі Дели мен Дубайда да сезілген.

Құрбан болғандардың көпшілігі провинцияның Аваран және Хуздар аудандарында тұрады. Аймақта байланыс үзілген. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жер сілкінісі әсерінен Гвадар ауданына жақын жағалауда жаңа арал пайда болған.

Сәуір айында көршілес Иранда магнитудасы 7,8 балға жететін жер сілкінісі болып, Белуджистанда одан 35 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG