Accessibility links

АҚШ қару саудасын реттеу келісіміне қосылмақ


Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл ел осы аптада Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ бас ассамблеясының жыл сайынғы жиынында дүниежүзілік қару-жарақ саудасын реттеу туралы келісімге қол қоймақ. Құпия дереккөздері мемлекеттік хатшы Джон Керридің келісімге сәрсенбі, 25 қыркүйекте қол қоятынын айтады.

Дүние жүзінде қару-жарақ саудасының жыл сайынғы айналымы 70 миллиард АҚШ долларына жуықтайды. Келісімге қол қою президент Барак Обама мен АҚШ-тағы қару-жарақ лоббишілері арасында келіспеушіліктер туғызуы мүмкін.

АҚШ - әлемдегі қару-жарақ экспорттайтын ең ірі ел. Биыл сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясында қабылданған келісімге 86 мемлекет қол қойған. Келісімге қосылмаған мемлекеттердің арасында АҚШ-тан өзге қару-жарақ экспорттайтын елдер, оның ішінде Ресей мен Қытай да бар.

АҚШ келісімге қосылуы үшін оны сенат ратификациялауы қажет.
XS
SM
MD
LG