Accessibility links

Иран мен Франция президенттері кездесті


Франция мен Иран президенттері Франсуа Олланд (сол жақта) пен Хасан Роухани.
Франция мен Иран президенттері Франсуа Олланд (сол жақта) пен Хасан Роухани.
Иран президенті Хассан Роухани Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ саммиті аясында Франция президенті Франсуа Олландпен кездесті. Кездесу жабық өтті.

Кездесуге дейін Олланд Иранды "ядролық бағдарламасы ядролық қару жасауға бағытталмағанын айқындайтын нақты әрекеттер жасауға" шақырған. БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Олланд "Иранның ядролық бағдарламаны азаматтық мақсатта пайдалануға хақы бар" екенін мойындаған. Ол "Тегеран ядролық қару жасамауы тиіс" деген позициясын да мәлімдеген.

Франция АҚШ сияқты Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген жоқ. Бірақ Вашингтонмен бірігіп, Тегеранның ядролық бағдарламасының іске асуын қадағалап отыр.

АҚШ үкіметінің мәліметінше, президент Барак Обама Нью-Йоркте Хассан Роуханимен кездесуге ниетті болған. Бірақ Иран жағы кездесу ұйымдастырудың қиын екенін айтады.

Батыс елдері Иранды "ядролық қару жасауға ұмтылып отыр" деп айыптап келеді. Ал Тегеран "ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін" айтады. Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия Иранмен келіссөздер жүргізіп келеді.
XS
SM
MD
LG