Accessibility links

Сирия мәселесі


БҰҰ Бас ассамблеясының негізгі тақырыбы Сирия болып тұр. Нью-Йорктегі жиында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри кездесті. Ал Франция президенті Франсуа Олланд "Асад режимінің орнына жаңа үкімет құрылуы тиіс" деп мәлімдеді. Ресей мен АҚШ «Сирияда химиялық қаруды кім қолданды?» деген сауал төңірегінде мәмілеге келе алмай жатыр. Ресей "химиялық қаруды Асад үкіметі қолданғаны дәлелденбейінше, Сирияға шабуыл жасауға болмайды" деген позиция ұстанып отыр. БҰҰ эксперттер тобын химиялық шабуыл туралы жаңа айғақтар жинау үшін Сирияға қайта аттандырды. АҚШ пен Ресей мұның алдында Сириядағы химиялық қаруды жоюға немесе елден алып кетуге келіскен. Бұл келісім Сирияға АҚШ шабуылын тоқтатуға ықпал етті. Алайда АҚШ Асад режиміне қарсы қатаң шаралар қолдану қажеттігін айтып келеді. 21 тамыз күні Дамаск маңында химиялық қару қолданылып, жүздеген адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG