Accessibility links

"Алматы-2" вокзалы әзірге жабылмайды"


"Алматы-2" темір жол бекеті. Алматы, 23 қыркүйек 2013 жыл

"Алматы-2" темір жол бекеті. Алматы, 23 қыркүйек 2013 жыл

"Алматы-2" вокзалын жабу туралы сот шешімін орындау кейінге қалдырылды" деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Алматы қаласы сот актілерін орындау департаментінің аға сот орындаушысы Таир Көшкімбаевтың айтуынша, "сот шешімі "Вокзал Сервис" акционерлік коғамының сот шешіміне түсірген шағымы қаралғанға дейін орындалмайды".

Қыркүйектің 20-сы күні Алматы қаласы бойынша сот актілерін орындау департаменті "санитарлық нормалар сақталмағандықтан, "Алматы-2" теміржол вокзалы қыркүйектің 25-і күні сағат 11.00-де жабылады" деп мәлімдеген еді.

Вокзалда "22 санитарлық талаптың бұзылғанын" денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің көліктегі департаменті 2010 жылы анықтаған.
XS
SM
MD
LG