Accessibility links

Мәжіліс мигранттар туралы заң жобасын мақұлдады


Қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп жатқан адамдар. 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп жатқан адамдар. 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті мәжілісі елдегі шетелдіктердің жұмыс істеуіне рұқсат беруді жеңілдететін заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

"Қазақстан Республикасының еңбек миграциясы мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының негізгі мақсаты - еңбек мигранттарын заңдастыру, жеке адамдардың шетелдік жұмыс күшін пайдалануына рұқсат беру тәртібін оңайлату.

Бұған дейін Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия «Қазақстан Республикасындағы мигранттар құқығының ахуалы туралы» арнайы баяндама даярлаған еді. Онда комиссия «Қазақстандағы еңбек мигранттары құқын бұзуға өздері жол береді де, бір бөлігі еңбек құлдығына тап болады» деген тұжырым жасаған. Бірақ үкіметтік емес ұйымдар жұмыс берушілер мигранттарға қиянат жасайтынын, жұмыс берушілерге құқық қорғау орындары "жақтасатынын" айтады.
XS
SM
MD
LG