Accessibility links

Өзбекстанда құқық қорғаушы 4 жылға сотталды


Бобомурод Раззоқов, өзбекстандық құқық қорғаушы

Бобомурод Раззоқов, өзбекстандық құқық қорғаушы

Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушы белсенді Бобомурод Раззоқов төрт жылға сотталды. "Ізгілік" адам құқықтарын қорғау тобының Бұхара облыстық филиалының жетекшісі, 60 жастағы Раззоқовқа адам саудасына қатысты айып тағылған. Құқық қорғаушы шілде айында ұсталып, тамыз айында сотқа тартылған.

Human Rights Watch ұйымы қыркүйектің басында мәлімдеме жасап, "Өзбекстан билігі Раззоқовты құқық қорғау қызметімен айналысқаны үшін қудалап отыр" деген.

Бобомурод Раззоқов Бұқара облысындағы мақта жинау жұмыстарына балалар еңбегін пайдалануға наразылық танытып жүрген еді.

"Ізгілік" - Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаумен айналысатын тіркелген жалғыз қоғамдық ұйым.
XS
SM
MD
LG