Accessibility links

Министр: Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін


Ұзақбай Қарабалин, мұнай және газ министрі
Ұзақбай Қарабалин, мұнай және газ министрі
Қазан айында Қазақстанда бензин бағасы 5-7 пайызға қымбаттауы мүмкін деп мәлімдеді мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

"Қазан айында Омбы, Уфа мұнай өңдеу зауыттары шамамен бір ай мерзімге жөндеу жұмыстарына жабылуы мүмкін. Осыған байланысты Ресейден келетін мұнай өнімдерінің көлемі азаюы ықтимал. Бұл уақытша болғанымен, Қазақстандағы бағаға біршама әсер етуі мүмкін" дейді Ұзақбай Қарабалин.

Бұған дейін Қазақстанда бензин тапшылығы болуы мүмкін деген болжамдар айтылған еді. Өткен аптаның соңында Қазақстанның отын қауымдастығы Астанада кейбір бензин түрлеріне (АИ-92 мен дизель отыны) тапшылық сезіліп отырғанын мәлімдеп, мұнай өңдейтін зауыттардың біріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты «қазан айында жағдай ушығып кетеді» деп ескерткен.

Қазақстан өзіндегі мұнай өңдеу зауыттарының қуаты ішкі сұранысты толық өтей алмайтындықтан мұнай өнімдерін Ресейден импорттайды.
XS
SM
MD
LG