Accessibility links

Инфекция жұқтырған балалар саны 114-ке жетті


Ауруханада жатқан қыз бала. Көрнекі сурет

Ауруханада жатқан қыз бала. Көрнекі сурет

"Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында энтеровирусты инфекция жұқтырған балалардың саны 114-ке жетті" деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Алматы облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ақпаратына қарағанда, инфекцияның таралуына ауызсу себеп болған.

Облыстық департаменттің қызметкері Ерғали Сыдыманов «Лабораториялық зерттеу нәтижесі науқастардан дизентерияны қоздырушы табылғанын көрсетеді» дейді. Оның айтуынша, үй-үйді аралап жүргізген тексеру барысында санитарлық дәрігерлер 20 науқастан энтеровирус инфекциясы белгілерін анықтаған.

Қазір инфекция таралуының алдын алу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дәрігері су тарату желісінің қызметін тоқтата тұру туралы бұйрық шығарған.
Қыркүйектің 25-і күні Қайназар ауылында 88 баланың ішек инфекциясына шалдыққаны анықталған еді. 24 қыркүйек күні балалардың дене қызуы көтеріліп, бастары ауырған. Көпшілігінің іштері өтіп, құсқан. 14 бала ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оларға энтеровирустық ішек инфекциясы деген диагноз қойған.
XS
SM
MD
LG