Accessibility links

Алатаудағы адамдар өліміне қатысты сот басталды


Ұлттық парктің қорықшысы болған Панайот Захаропуло (сол жақта).
Ұлттық парктің қорықшысы болған Панайот Захаропуло (сол жақта).
27 қыркүйекте Алматының Алмалы аудандық сотында 2012 жылы Іле Алатауы ұлттық паркінде болған жаппай кісі өліміне қатысты айыпталған Саян Хайыровтың соты басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сот жабық өтіп жатыр. Сотты судья Гүлзахар Тенебекова жүргізеді.

2012 жылы тамыз айының ортасында Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағынан 11 адамның мәйіті табылған еді. Олардың арасынан ұлттық парктің қорықшысы Панайот Захаропулоның да сүйегі табылған.

Бұл оқиғаға қатысты Қазақстан азаматтары Саян Хайыров пен Зәуірбек Ботабаев күдікке ілініп, оларға іздеу жарияланған.

Іле Алатау ұлттық саябағында жасалған қылмысқа 2012 жылы жазда Алматы облысының Таусамалы кентінде болған арнайы операция кезінде қаза тапқан топ мүшелерінің де қатысы бар деген ақпарат тараған.
XS
SM
MD
LG