Accessibility links

Қытайда қылмыскерлер сатпақ болған 90 бала құтқарылды


Шанхайдағы мектеп оқушылары. Қытай, 5 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Шанхайдағы мектеп оқушылары. Қытай, 5 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайда қылмыскерлер сатпақ болған 90-нан астам бала мен екі әйел құтқарылды.

Балалар мен әйелдердің қай күні құтқарылғаны хабарланбады. Мемлекеттік БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, полиция тексерісінен кейін Қытайдың 11 провинциясынан адам саудасымен айналысады деген 301 күдікті ұсталған.

Қытай билігі кейінгі жылдары әйелдер мен балаларды ұрлау және сатумен күресті күшейткенін айтады. 2011 жылы Қытай полициясы екі жыл ішінде 13 мыңнан астам бала мен 23 мыңнан астам әйелді адам саудасымен айналысатын қылмыскерлерден құтқарғанын мәлімдеген.

Қытайдағы "Бір отбасы - бір бала" саясаты мен шаңырақ иесі ретінде ұл баланы қалдыру дәстүрі бұл елдегі балалар мен әйелдер саудасының көбеюіне әсер еткен.
XS
SM
MD
LG